Әлеуетті қатысушылардан өтінімдер 16-25 қыркүйек аралығында www.otbasybank.kz Baspana Market порталында қабылданады.
«Отбасы банкінің» екі тұрғын үй бағдарламасы да жеке баспанасы жоқ қазақстандықтарға арналған. Астана мен Алматыда несиенің ең жоғары сомасы 36 миллион теңгені, ал еліміздің басқа аймақтарында 30 миллион теңгені құрайды. Бұл ретте, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында шаршы метрлерді тек жаңадан салынып жатқан ғимараттарда, ал моноқалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде қайталама тұрғын үй нарығында сатып алуға болады.
- Өтініштер 25 қыркүйекке дейін қабылданады, содан кейін конкурстық рәсімдер басталады, – деді «Отбасы банкі» облыстық филиалының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Арман Нұрғаламов ӨКҚ алаңында. – Баллдарды есептеу кезінде депозиттік сыйақы, отбасылық жағдайы мен балаларының бар-жоғы, өтініш берушінің баспана кезегінде тұрғаны ескеріледі. Байқау қорытындысы қазан айының басында белгілі болады.
«Отау» және «Наурыз» бағдарламаларының шарттары:
• 20%-дан бастап бастапқы жарна;
• несие мөлшерлемесі: тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін – 7%, басқа санаттар үшін – 9%;
• несие мерзімі 19 жылға дейін;
Қатысу үшін үшін сізге не қажет:
1. Депозит болмаса, «Отбасы банкінде» депозит ашыңыз. Салымның мерзімі маңызды емес.
2. Жинақ шотыңызда кемінде 1 миллион теңге бар екеніне көз жеткізіңіз. Бұл соманы өтініш бергенге дейін бірден бір төлеммен төлеуге болады.
3. Сіздің де, сіздің отбасы мүшелеріңіздің де (жұбайыңыз бен кәмелетке толмаған балаларыңыз) соңғы 5 жылда тұрғын үйге иелік етпегенін тексеріңіз. Егер сіз бойдақ болсаңыз, тексеру тек сіз үшін жүргізіледі.
4. Соңғы 6 айдағы ресми кірістің болуын растаңыз.