Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысының 6 мың тұрғыны мамыр айындағы мерекелер үшін төлем алады

Павлодар облысының 6 мың тұрғыны мамыр айындағы мерекелер үшін төлем алады

Apr 27, 2023 | Жаңалықтар

Біржолғы ақшалай төлемдер Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, бейбіт уақыттағы соғыс қимылдарына қатысушыларға және Чернобыль АЭС апатын жоюшыларға арналған.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы АЛЬМИРА ДИСЮПОВА Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мамыр айындағы мерекелердегі төлемдер туралы айтты. Ұлы Отан соғысының көзі тірі 12 ардагерінің әрқайсысына 2 миллион теңгеден беріледі. Ал тыл еңбеккерлеріне келсек, олардың әрқайсысына 30 000 теңгеден беріледі. Бұл төлемдерді шамамен 4 мың адам алады. 150 000 теңге бейбіт уақыттағы жауынгерлерге және Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюшыларға жіберіледі. Павлодар облысында олардың 1,3 мыңнан сәл астамы бар.