
Бүгінгі таңда жеке кәсіпкер монополияға қарсы қызметтің тергеу қорытындысы бойынша шығарған шешіміне сотта шағым түсіруде.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің хабарлауынша, тарифтің айтарлықтай өсуіне тұтынушылар назар аударған. 2025 жылдың мамыр айында олар үшін домофон компаниясының қызметі айына 550 теңгеден 700 теңгеге дейін қымбаттаған. Домофондарға техникалық қызмет көрсетудің жаңа мөлшерлемесі өңірдегі ең жоғары баға болып отыр.
– Қандай да бір шара қолданбас бұрын, біз жеке кәсіпкердің нарықта шынымен үстем жағдайға ие екеніне көз жеткізуіміз керек болды, – деп атап өтті монополияға қарсы ведомствоның тергеу бөлімінің басшысы Әлия Тұрсынбаева @pavlodar.rsk алаңында. – Ол үшін нарыққа талдау жасап, тергеуге шықтық. Рәсім барысында қызмет берушінің тарифті көтеруге мәжбүр ететіндей шынымен де жоғары шығындарға ұшыраған-ұшырамағанын анықтау қажет болды. Тергеу қорытындысы бойынша оның 6 млн теңгеге жуық негізсіз монополиялық табыс алғаны анықталды.
Кәсіпкер өз құқығын пайдаланып, монополияға қарсы қызметтің қорытындысына сотқа шағымданды. Бұл іске қатысты соңғы нүктені Фемида қызметшілері қояды.










