Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Цифрландыру павлодарлық химиялық өнім өндірісінің ішкі процестерін оңтайландыруға көмектесті

Цифрландыру павлодарлық химиялық өнім өндірісінің ішкі процестерін оңтайландыруға көмектесті

Apr 23, 2026 | Жаңалықтар


«Нефтехим LTD» базасында цифрлық құжат айналымы енгізіліп, корпоративтік Telegram-бот әзірленді.

Түрлі химиялық өнімдер шығаратын зауыттағы бизнес-процестерді цифрландыру туралы ұжым жөніндегі директор Александр Скрипник пен кәсіпорынның жетекші бағдарламашысы Егор Николаев айтып берді. Мысалы, компаниядағы барлық заңды маңызы бар құжат айналымы Қазақстанда жасалған «Договор 24» бағдарламасы арқылы қамтамасыз етіледі. Ол барлық қағаздарға онлайн форматта қол қоюға мүмкіндік береді, бұл келісу процестерінің уақытын үнемдейді және қағаз шығынын азайтады.

Қызметкерлерді оқыту және білімін бақылау үшін «Нефтехим LTD» кәсіпорнында Indigo сервисі қолданылады. Оның көмегімен еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы білімді тексеру толығымен онлайн форматқа көшірілді. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері тестілеуден комиссияның қатысуынсыз, қашықтықтан өтеді.

Зауыттың IT-мамандары өз күштерімен корпоративтік Telegram-ботты іске қосты. Ол қызметкерлердің ақпаратқа тәулік бойы қол жеткізуін қамтамасыз етеді және маңызды хабарламаларды персоналға жедел жеткізеді. Бот кадр бөлімі мен бухгалтерияның жұмысын жеңілдетті, мәселен, есеп айырысу парақшаларын қалыптастыру және ұсыну процесі автоматтандырылды.

Бүгінде «Нефтехим LTD» мамандары жоғарыда аталған барлық сервистерді біріктіретін ауқымды қосымшаны іске қосу бағытында жұмыс істеп жатыр. Болашақта бұл қосымша өндірістік процестерді цифрландыруды да қамтуы мүмкін.