Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Цифрлық сервис павлодарлық сот орындаушыларымен өзара іс-қимылды жеңілдетті

Цифрлық сервис павлодарлық сот орындаушыларымен өзара іс-қимылды жеңілдетті

Apr 22, 2026 | Жаңалықтар


Жыл басынан бері Павлодар облысында «Атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинетін» 880 адам пайдаланды.

Сот актілерін орындау саласының цифрлық форматқа көшуі туралы @pavlodar.rsk алаңында Әділет департаменті басшысының м. а. Айдын Сәменқұлов айтып берді. Спикер бұл сервистің жеке сот орындаушыларымен байланысты барынша жеңілдетуге бағытталғанын атап өтті. «Кабинеттің» көмегімен тараптар істің барысын қашықтықтан бақылап, құжаттар жібере алады, сұрақтар қойып, берешекті жедел төлей алады.

— Сервис ішінде пайдаланушылар барлық сұраулар мен өтініштерге 5 жұмыс күні ішінде жауап алады, — деді Айдын Сәменқұлов. — Салыстырмалы түрде айтсақ, «Е-Өтініш» платформасында өтінішті қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Демек, бұл — азаматтар мен ұйымдар үшін құқықтық көмектің ашықтығы мен қолжетімділігіне жасалған маңызды қадам.

Жүйеге кіру eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы ЭЦП көмегімен жүзеге асырылады. Мәліметтерді беру мемлекеттік байланыс арналарымен сенімді қорғалған. Бұл онлайн-құралды енгізу қағазбастылықты және әділет органдарына жеке бару санын азайтып, өндіріп алу процесін барынша ашық етеді.