Облыс орталығында барлығы 48 мыңнан астам мектеп оқушысы жазғы демалыста және жұмыспен қамтылуы тиіс.
Биылғы жазда қаланың 31 мектебінде екі маусымда әрқайсысы 15 күндік күндізгі демалыспен мектеп жанындағы лагерьлер ашылды. 15 мыңнан астам адамды қамтитын лагерьлер 1-4 сынып оқушыларына арналған. Мектеп жанындағы лагерьлердің бірінші маусымы өтіп кетті, екіншісі 12 шілдеде аяқталады. Білім басқармасының хабарлауынша, әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай балалардың жалпы саны биыл 3,3 мыңнан астам болды.
Павлодарлық оқушылар үшін жазғы демалыс нұсқаларының бірі – «Балдәурен» білім беру-сауықтыру орталығы. Биылғы жазда жалпы саны 900-ге жуық адамды қамтитын 7 ауысым өткізу жоспарлануда.