Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында соңғы қоңырау қалай өтеді

Павлодар облысында соңғы қоңырау қалай өтеді

May 24, 2024 | Жаңалықтар

Облыстық білім басқармасының өкілдері салтанатты шараны аниматорлар мен мерекелік агенттіктердің қатысуынсыз тек мектеп қабырғасында өткізуді ұсынып отыр.

ӨКҚ баспасөз мәслихатында хабарланғандай, 24 мамырда барлық мектептерде «Білім – Отаныма!» жалпыұлттық бірыңғай сынып сағаты өтеді, оған 1-10 сынып оқушылары қатысады. Түлектерге келсек, олар үшін «Мектебім, саған мың алғыс!» атты жеке мерекелік кеш өтеді.

•⁠ ⁠Оны мектеп бітірушілердің өздері, мұғалімдер мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ұйымдастырып отыр, – деп атап өтті білім басқармасы басшысының орынбасары Роза Ақанова. – Түлектерге арналған салтанатты іс-шара мектеп қабырғасында немесе алаңында өткізілуі керек. Аниматорларды, мерекелік агенттіктерді және жеке студияларды тартуға, мерекелік дастархандарды ұйымдастыруға, жалға берілетін автокөліктерді пайдалана отырып, қала бойынша экскурсиялар өткізуге және әкімшілік пен педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинауға жол берілмейді.

Соңғы қоңырау күні мектеп оқушыларының қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін Павлодар облысының полицейлері күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Осы кезеңде әр мектепке жеке тәртіп сақшылары бекітіліп, патрульдік бөлімшелер арнайы іс-шаралар өтетін орындарға барынша жақын орналасады. Бұл жұмысқа барлығы 500-ден астам тәртіп сақшысы мен 200 полиция техникасы жұмылдырылады.