
Жалпы алғанда, тәртіп сақшылары отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы қылмыстың азайғанын айтуда.
@pavlodar.rsk алаңында 2025 жылғы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары қорытындыланды. Өңірде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында барлығы 133 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 дерекке аз.
— Талдау көрсеткендей, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себептерінің бірі — алкогольді шектен тыс тұтыну болып қала береді, — деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев. — Өткен жылы 60 қылмыс ішімдік ішу кезінде және қызғаныш немесе әлеуметтік қанағаттанбаушылық негізінде туындаған кенеттен болған жанжалдар кезінде жасалған. Қылмыстардың жалпы санының 77-сін жұмыссыздар, ал 4-еуін бұрын сотталған адамдар жасаған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау мақсатында 2025 жылы 4,5 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4,6 мың қорғау нұсқамасы шығарылды. Қайталанған құқық бұзушылықтарға ерекше көңіл бөлінуде: ол үшін 612 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 497-сіне қатысты әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылды. Өткен жылдан бастап агрессорларға психологиялық көмек көрсету тәжірибесі енгізілді. Сот шешімімен 52 адам психокоррекцияға жіберілді, оның 16-сы емдеу курсынан өтті және олардың тарапынан қайталама құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны тек әйелдер ғана емес, ер адамдар да болуда: өткен жылы 19 ер адам полицияға арызбен жүгінген. Полиция өкілдері атап өткендей, отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға тек ері мен зайыбы арасындағы емес, сонымен қатар балалары мен ата-аналары, аға-лы інілер мен апа-лы сіңлілер және т.б. арасындағы ұрыс-керістер де жатады.
Тәртіп сақшылары отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа немесе сталкингке (аңдуға) тап болғандардың барлығы 111, 150 сенім телефондарына, 102 арнасына немесе мына мекенжай бойынша: Павлодар қ., Солтүстік өндірістік аймақ, 258, отбасылық-тұрмыстық зорлық-з










