Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарлық полицейлер самокаттарды пайдаланудың жаңа ережелері туралы айтып берді

Павлодарлық полицейлер самокаттарды пайдаланудың жаңа ережелері туралы айтып берді

Jul 15, 2026 | Жаңалықтар


25 тамыздан бастап Қазақстанда электрлі самокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен қозғалуына тыйым салынады. Бұл ретте бұл жеке мобильділік құралдарын тек жүргізуші куәлігі бар тұлғалар ғана пайдалана алады.

Бүгінгі таңда Павлодар облысындағы әрбір жалға берілетін самокаттың тіркеу нөмірі болуы тиіс. Осының арқасында камералар жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркеп, заңбұзушылық жасалған самокатты анықтай алады.

– Жолдың жүру бөлігінде кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда және бекітілген қорғаныс шлемімен ғана жүруге болады, – деді @pavlodar.rsk алаңында Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қуаныш Мұстафинов. – Бұл ретте қозғалыстың ең жоғары жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауы тиіс. Ал тротуарларда бұл көрсеткіш сағатына 6 шақырымнан жоғары болмауы керек. Самокаттармен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға, жаяу жүргіншілер өткелінен түспей өтуге және түнгі уақытта жарық шағылыстыратын кеудешесіз жүруге тыйым салынады. Бұл талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

25 тамыздан бастап электрлі самокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен қозғалуына тыйым күшіне енеді. Бұл жүргізуші куәлігі жоқ пайдаланушылардың бұл жеке мобильділік құралдарын қолдана алмайтынын білдіреді. Кикшеринг компанияларына келетін болсақ, олар электрлі самокаттардың техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге, олардың жылдамдығы мен орналасқан жерін бақылауға, белгіленген аймақтарда жылдамдықты автоматты түрде шектеуге, ретсіз тұраққа жол бермеуге, самокаттардың есебін жүргізуге және қажетті мәліметтерді ішкі істер органдарына беруге міндетті.