2023 жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыр аралығында Қазақстанда «Ақбөкен» ауқымды экологиялық акциясы өтеді. Оның мақсаты – жабайы аңдардың популяциясын сақтап қалу және браконьерлердің әрекетін тоқтату.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы РУСЛАН ТӨЛЕПБАЕВТЫҢ Өңірлік коммуникациялар қызметінде хабарлауынша, қауіпсіздік шаралары Май және Баянауыл аудандарында, сондай-ақ Ақсу және Екібастұз аумақтарында жүргізіледі. Өңірде соңғы жылдары ақбөкенді аулау фактілері тіркелмегенімен, басқа да құзырлы мамандармен бірге инспекторлар олардың санын жіті қадағалайтын болады.
– Қылмыстық кодексте жабайы жануарларды өндіру, алу, сақтау, өткізу, тасымалдау және жою үшін жаза қарастырылған, – деді баяндамашы. – Оларды заңсыз басып алғаны үшін өтемақы көлемі 5-тен 7 миллион теңгеге дейін. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларды заңсыз аулау – мүлкі тәркіленіп, үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Бүгінгі күні Павлодар облысында ақбөкендердің саны 20 мыңнан астам дараларды құрайды. Өткен жылы өсім 30 пайыздан астам болды.