
Бүгінгі таңда мұрағатшылар 187 мың құжатты цифрлық форматқа көшірді.
Ауқымды жұмыс туралы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Алтаев пен өңірлік мемлекеттік архивтің басшысы Бақыт Смақов айтып берді. Олар бұл үдерістің қарапайым сканерлеумен шектелмейтінін атап өтті: іс жүзінде әрбір есепке алу бірлігі қорлармен, тізімдемелермен,хронологиямен және типологиямен жүйелі түрде байланысқан бірыңғай цифрлық құрылым қалыптасуда.
Цифрландырудың басты мақсаты — барлық ақпаратты қолжетімді, логикалық тұрғыдан жүйеленген әрі талдау жасауға, жылдам іздеуге және ыңғайлы пайдалануға жарамды ету. @pavlodar.rsk спикерлері атап өткендей, барлық электрондық көшірмелер қатаң сапа тексерісінен өтіп, тиісті сақтау бірліктеріне бекітіле отырып, ақпараттық жүйеге біріктіріледі.
Цифрландырудан бөлек, мұрағатшылар өткен жылдың соңында аяқталған ғимараттың ауқымды жөндеу жұмыстарының қорытындысын таныстырды. Мұнда қасбет, кіреберіс тобы, ішкі үй-жайлар және барлық инженерлік-техникалық жүйелер толықтай жаңартылды.










