
Өңір эпидемиологтары өткен жылдың қорытындысын @pavlodar.rsk алаңында мәлімдеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев атап өткендей, 2025 жылы Павлодар облысында аса қауіпті инфекциялар тіркелген жоқ. Олардың қатарына тырысқақ, іш сүзегі, оба, дифтерия, полиомиелит, құтыру, сіреспе, безгек, трихинеллез, эпидемиялық паротит және қызылша жатады. Сонымен қатар, өңірде қызылшаның 150 жағдайы тіркелді — бұл өткен жылмен салыстырғанда он есе аз. 2026 жылы қызылша ауруының тіркелуі жалғасуда — қаңтар айында 35 жағдай анықталды, олардың басым бөлігі балалар.
— Вакцинация алдын алудың негізгі факторы болып қала береді, — деді спикер. — 2025 жылы халықты профилактикалық егумен қамту көрсеткіші ұсынылған 95%-дың орнына 91,2%-ды құрады. Өңірде толықтырушы иммундау жұмыстары жүргізіліп, 26 мыңға жуық бала мен жасөспірім егілді. Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация науқаны басталғалы бері бірінші дозамен 4866 қыз, екінші дозамен 3615 қыз егілді. 2026 жылдың қаңтарында қосымша бірінші дозаны 215 қыз, екіншісін 77 қыз алды.
ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай маусымдық сипатқа ие және тұрақты деп бағаланады. 2025–2026 жылғы эпидемиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ-дің 128 мың жағдайы тіркелді, бұл өткен маусыммен салыстырғанда 22%-ға аз. Ауырғандардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. А тұмауының 57 жағдайы анықталса, оның 32-сі балалар арасында тіркелген.










