Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында жергілікті IT-орта дамып келеді

Павлодар облысында жергілікті IT-орта дамып келеді

Aug 20, 2026 | Жаңалықтар


Өңірде IT-кәсіпкерлер, жас әзірлеушілер мен жасанды интеллект саласының мамандарына арналған экожүйені дамыту серпінді қарқын алуда. Өңірдегі цифрлық таланттарды тартатын екі негізгі орталыққа Pavlodar Hub технологиялық хабы мен Tomorrow School инновациялық білім беру орталығы айналды. Бұл алаңдар тек базалық цифрлық дағдыларды үйретіп қана қоймай, технологиялық стартаптар мен кадрларды практикалық даярлауға арналған толыққанды лифт қалыптастыруда.

2025 жылы өз жұмысын бастаған Pavlodar Hub технологиялық бастамаларды жүзеге асыруға арналған орталық кеңістікке айналып үлгерді. Жұмыс істеген уақыт ішінде хаб командасы 1100-ге жуық қатысушыны қамтыған 55-тен астам практикалық және оқыту шарасын ұйымдастырды. Мұнда оқушылар, мұғалімдер мен жергілікті кәсіпорын қызметкерлері үшін IT-лагерьлер, робототехника және ЖИ бойынша воркшоптар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Кәсіпкерлікті дамытудың басты қозғаушы күші Startup Orda инкубациялық бағдарламасы болды. Өтінім берген 70 команданың ішінен 17-сі идеядан бастап алғашқы сатылымға дейінгі қарқынды курстан өтті. Тағы жиырмаға жуық стартап жобаны кеңейту және клиенттер табу бойынша эксперттік қолдауға ие болды.

Экожүйенің екінші қуатты буыны — Astana Hub мен Alem.ai Foundation бастамасымен, облыс әкімдігі мен цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен іске қосылған Tomorrow School білім беру орталығы. Орталық «тең өзіне үйретеді» (peer-to-peer) әдістемесіне басымдық береді. Мұнда 18 жастан асқан студенттер веб-қосымшалар мен ЖИ-сервистерін реаьды командалық әзірлеу арқылы бағдарламалауды меңгереді.

Алғашқы іріктеу интенсивінің нәтижесі бойынша 13 адам оқуға кірісті, ал қазіргі уақытта орталық ниет білдірушілердің барлығына сұранысқа ие IT-мамандықтарды тегін меңгеруге мүмкіндік бере отырып, екінші ағымға өтінім қабылдауды ашты.