Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында желілерді модернизациялау жоспарлары жарияланды

Павлодар облысында желілерді модернизациялау жоспарлары жарияланды

Mar 31, 2026 | Жаңалықтар


Өңірдегі бес ірі кәсіпорын энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында қайта құру және жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Павлодар облысындағы монополист-кәсіпорындардың ұлттық жобаға қатысуы туралы @pavlodar.rsk алаңында Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Камилла Байғожанова айтып берді.

– Жобаның негізгі мақсаты — желілердің тозуын азайту, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің сенімділігін арттыру, коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту және өңірлердің алдағы экономикалық дамуы үшін тұрақты база құру, – деді спикер. – Ұлттық жоба аясында Павлодар облысында 2026 жылы 5 табиғи монополия субъектісі қатысады, жобалардың жалпы құны 24 млрд теңгеден асады.

«Павлодарлық РЭК» АҚ бірден 9 млрд теңгеден астам сомаға 34 жобаны ұсынды. Оған әуе желілерін, трансформаторлық қосалқы станцияларды салу және реконструкциялау, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу кіреді. «Павлодар жылу желілері» ЖШС сорғы станциясын салу, жылу магистралін және ОЖП-ны қайта құру бойынша 5,8 млрд теңгеге 7 жобаны іске асыруды көздеп отыр.

«Екібастұз жылу желілері» ЖШС жылу магистральдарын жаңартуды қарастыратын 5,2 млрд теңгенің 4 жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда. «Жылусервис-Ақсу» КМК магистральдық және бөлініс желілерін қайта құру бойынша 2,6 млрд теңгеге 2 жобаны мәлімдеді. Екібастұздағы тағы бір кәсіпорын – «Горводоканал» МКК – 1,3 млрд теңгеге сорғы станциясын реконструкциялаудан өткізуді жоспарлап отыр.

Фото: Gemini