
Өңірде алдағы қыстауға 774 мыңға жуық шартты мал басы кіреді.
Егін жинау науқаны мен мал азығын дайындау жұмыстарының аяқталуы туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Хамза Оразбеков айтып берді.
– Павлодар облысында 2026-2027 жылдардағы қыстауға 491 мың бас ірі қара мал, 652 мың бас қой мен ешкі, 316 мың бас жылқы — жиынтығы 774 мың шартты мал басы кіреді, – деді спикер @pavlodar.rsk алаңында. – Өңір аумағында 1,3 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды, оның 920 мың тоннадан астамы сақтау орындарына жеткізілді.
Жалпы алғанда, аграршылар алдағы қысқа арналған мал азығы жоспарын 100 пайызға орындады. Оның ішінде 112 мың тонна пішендеме, 242 мың тонна сүрлем және 326 мың тонна сабан бар.
Фото: ChatGPT










