Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында 11 мыңнан астам көлік иесінің көлік салығы бойынша берешегі бар

Павлодар облысында 11 мыңнан астам көлік иесінің көлік салығы бойынша берешегі бар

Mar 13, 2026 | Жаңалықтар


Өңірдегі көлік иелерінің мемлекетке жалпы берешегі шамамен 650 млн теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында 147 мың көлік иесіне 220 мыңнан астам автомобиль тіркелген. Оның ішінде 11 мың адамның мемлекет алдында 650 млн теңгеден асатын салықтық берешегі бар.

⁠Көлік салығын төлеу мерзімі — 1 сәуірден кешіктірілмеуі тиіс, – деп ескертті @pavlodar.rsk алаңында өткен брифингте  облыстық мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Арман Уәлиев. – Салық төленбеген жағдайда, 2 сәуірден бастап салық төлеушілердің мекенжайына хабарлама жіберіледі. Оны 30 жұмыс күні ішінде орындау қажет. Әйтпесе, салықтық бұйрық қалыптастырылып, ол орындалмаған жағдайда өндіріп алу үшін жеке сот орындаушысына (ЖСО) беріледі. Салықтық бұйрық ЖСО-ға берілгеннен кейін, салықтан бөлек сот орындаушысының жұмысы үшін де қосымша сома өндірілетінін түсіну маңызды.

Әр көлік иесі салық сомасын өз бетінше есептеуі тиіс. Ол үшін мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталында арнайы электрондық сервис және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Салық мөлшерлемесі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшеріне және көлік құралының қозғалтқыш көлеміне байланысты.

Салықты төлеу үшін көлік құралының 17 таңбадан тұратын бірегей нөмірін — VIN-кодты білу қажет. Ол автомобильдің техникалық паспортында көрсетілген: жеңіл автомобильдер үшін — бұл шанақ (кузов) нөмірі, ал жүк көліктері үшін — шасси нөмірі. Көлік құралы жоқ болған жағдайда (айдап кету немесе басқа да себептерге байланысты), иесі тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына осы фактіні растайтын уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтерін ұсынуы қажет.