Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Ертіс ауданында жаңа мектеп салынып жатыр

Ертіс ауданында жаңа мектеп салынып жатыр

Dec 17, 2025 | Жаңалықтар


Қызылқақ ауылындағы заманауи оқу орнын келесі жылы ашу жоспарлануда.

Ертіс ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы @pavlodar.rsk алаңында аудан әкімі Нығман Жүсіпов айтып берді. Ол «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауданда Майқоңыр орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізілгенін атап өтті. Сондай-ақ Панфилов мектебі де жаңғыртудан өтті.

— Осы жылдың басында Бұланбай ауылында мектеп өртеніп кеткен болатын, — деп еске салды спикер. — Өңір басшысының қолдауымен жаңа оқу орнының құрылысына қаражат салған инвестор табылды. Кейін аудандық деңгейде біз бұл ғимаратты сатып алдық. Бүгінде Қызылқақ ауылында 100 орындық тағы бір жаңа мектеп бой көтеріп жатыр. Қазіргі уақытта екі қабаты қаланып, шатырын жабу жұмыстары жүруде. Нысанды келесі жылдың мамыр-маусым айларында пайдалануға беру жоспарланған.

Қызылқақ ауылында жаңа оқу орны іске қосылғаннан кейін, Ертіс ауданында апаттық жағдайдағы және бейімделген ғимараттарда орналасқан мектептер мәселесі толығымен шешіледі.