Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Ертіс арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда

Ертіс арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда

Mar 30, 2026 | Жаңалықтар


Қазан айында көпір салушылар бүкіл өткел бойындағы аралық құрылымды біріктіруді жоспарлап отыр.

@pavlodar.rsk алаңында «ҚазАвтоЖол» компаниясы өңірлік филиалының басшысы Ермұрат Нұрханов жаңа көпір құрылысының қарқыны туралы айтып берді. Оның сөзінше, аралық құрылымның 691 метрінің 252 метрі дайын.

– Егер күзгі-қысқы кезеңде мердігерлер айына 35-40 метрге дейін көпір тұрғызса, енді бұл қарқын арта түседі, – деп мәлімдеді спикер. – Жалпы, жұмыс кестесінен қалу жағдайлары жоқ. Объектіде 288 адам жұмыс істеп жатыр және 86 бірлік техника жұмылдырылған. Көпір құрылысы басталғаннан бері шамамен 30 мың текше метр бетон және 8 мың тонна арматура пайдаланылды.

Жеті айдан кейін мердігерлер өзеннің екі жағалауын біртұтас аралық құрылыммен жалғауға ниетті. Ал жаңа көпірдегі қозғалысқа келетін болсақ, ол осы жылдың желтоқсан айында ашылуы мүмкін. Абаттандыру және ескі көпірді бөлшектеу жұмыстары келесі жылға қалдырылады.