
Мерекелік қызметтер аймақ бойынша барлық 17 негізгі православтық приходтарда өтеді.
Православ күнтізбесіндегі ең басты мереке – Ұлы Пасханың Павлодар облысында қалай атап өтілетіні туралы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Байбәкіров пен Павлодар және Екібастұз епархиясының хатшысы Алексей Степанов айтып берді. Негізгі Пасхалық құлшылық рәсімдері 11-інен 12-сәуірге қараған түні аймақтағы барлық храмдарда басталады.
– Павлодар қаласының билігі бізге дәстүрлі түрде қолдау көрсетіп, қалалық үш храмның әрқайсысына келушілерді үйлеріне жеткізу үшін бір-бірден автобус бөлді, – деді @pavlodar.rsk алаңында өткен баспасөз конференциясында протоиерей Алексей Степанов. – Сондықтан ниет білдірушілердің барлығы түнгі сағат 2-лер шамасында, қызмет аяқталған бойда үйлеріне жеткізіледі. Автобус бағыттарын жүргізушілер мен жолаушылар өзара анықтайтын болады.
Ал Пасха тағамдарын — куличтерді, пасха мен жұмыртқаларды жарылқау рәсіміне келетін болсақ, ол Ұлы сенбі күнгі таңғы құлшылықтан кейін басталып, жексенбі күні түске дейін жалғасады.










