Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Бұзушылықтардың 90% таңбалауға қатысты: павлодарлық эпидемиологтар бақылау мақсатында сатып алу нәтижелерін мәлімдеді

Бұзушылықтардың 90% таңбалауға қатысты: павлодарлық эпидемиологтар бақылау мақсатында сатып алу нәтижелерін мәлімдеді

Jul 9, 2026 | Жаңалықтар


Мамандар алынған сынамалардың 30%-дан астамында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады.

Павлодар облысының нарығында өнім сапасы мен қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіліп жатқаны туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Ақылбекова айтып берді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мамандар өнімнің 1 378 түрлі үлгісін іріктеп алды. Оның ішінде 867 сынама — тамақ өнімдері, 511-і — тамаққа жатпайтын өнімдер.

– Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша 429 сынамада белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер анықталды, – деді @pavlodar.rsk алаңында спикер. – Сәйкессіздіктер тамақ өнімдерінің 97 сынамасынан және тамаққа жатпайтын өнімдердің 332 сынамасынан табылды. Сауданың 36 субъектісіне қатысты өнімдерді айналымнан алып тастау және кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шаралары қабылданды. Бұдан бөлек, заң бұзушыларға жалпы сомасы 1,4 миллион теңгеден астам айыппұл түріндегі әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды. Саудадан жалпы сомасы шамамен 187 мың теңгені құрайтын өнімдер алынды.

Белгілі болғандай, эпидемиологтар анықтаған 10 бұзушылықтың 9-ы өнімді маркалауға қатысты болып шықты. Сөз тауардың атауы, жарамдылық мерзімі туралы ақпараттың немесе мемлекеттік тілдегі мәтіннің болмауы туралы болып отыр.

Фото: kazbad.kz