Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Антисептиктер мен ерітінділер: мемлекеттік қолдау медицина үшін маңызды өндірісті дамытуға қалай көмектеседі

Антисептиктер мен ерітінділер: мемлекеттік қолдау медицина үшін маңызды өндірісті дамытуға қалай көмектеседі

Feb 18, 2026 | Жаңалықтар


«Даму» қорының қаржылық құралдарының арқасында қазақстандық дезинфекциялық препараттар өндірушісі жаңа өндірістік желіні сатып алып, бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша медициналық мекемелермен жұмысын жалғастыруда.

«Бо-На» компаниясының тарихы осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын зарарсыздандыру құралдарының жеке өндірісінен басталды. Сол кезде кәсіпорын ғылыми тәсілге, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне басымдық беруді ұйғарды. Бүгінде өз ғылыми патенттері мен өндірістік технологиясы бар компания дезинфекциялық препараттардың 30-ға жуық түрін шығарады. «Бо-На» ЖШС клиенттерінің қатарында Қазақстанның әр өңіріндегі ірі ауруханалар бар.

– Ковид кезінде біз өнімді көбірек шығардық, қазір нарықтағы сұранысқа байланысты сәл азырақ — жылына шамамен 600 тонна өнім өндіріледі, – дейді өндіріс жөніндегі кәсіпорын директоры Борис Шаров. – Нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін үнемі жаңа рецептуралар жасауға тырысамыз. Мысалы, өткен жылы дезинфекциялық майлықтардың жаңа өндірісін іске қостық.

Компания өкілдері атап өткендей, өндірістің дамуына мемлекеттік қолдау айтарлықтай көмектесіп отыр. Өз уақытында «Бо-На» ЖШС басшылығы банктік несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдікті қамтамасыз ету құралдарын пайдаланды. Осылайша, кәсіпорын өндірістік желіні сатып алып, бизнесті жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыра алды.