
Жеке кәсіпкерлер мен шағын кәсіпорындар «Даму» қорының қаржылық құралдарына сенім арта алады.
«КазБитумСервис» компаниясы Павлодарда 20 жылдан астам уақыт бойы битум және шатыр материалдарын шығарып келеді. Бүгінде зауыттың өндіріс көлемі шамамен 4 млн шаршы метр «руканды» және басқа да шатырлық әрі гидрооқшаулағыш өнімдерді құрайды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы көрсетілген қолдаудың арқасында кәсіпорында өндірісті кеңейту жұмыстары басталды. Болашақта мұнда тауар желісі мен өндіріс көлемін арттыру жоспарлануда.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында киім өндірушілер — «ДЭКО» ЖШС де жеке ғимаратқа ие болды. 25 жылдан астам тарихы бар кәсіпорын бүгінде Павлодар облысының және Қазақстанның басқа да өңірлерінің ірі кәсіпорындарын арнайы киіммен (спецовка) қамтамасыз етіп отыр.










