Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Цифрлық Наурыз: Павлодар облысында көктемнің басты мерекесі қалай тойланады

Цифрлық Наурыз: Павлодар облысында көктемнің басты мерекесі қалай тойланады

Mar 11, 2026 | Жаңалықтар


Дәстүрлі шаралармен қатар өңірде ЖИ және VR-технологияларын қолдана отырып, digital-форматтар пайдаланылады.

Наурыз мейрамын тойлаудың ерекшеліктері туралы @pavlodar.rsk алаңында айтылды. Мереке дәстүрлі түрде «Наурызнама» онкүндігі форматында өтеді, бұл ретте цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінеді.

– Облыс орталығында цифрлық алаңдар мен ЖИ-құралдарын пайдалана отырып, салт-дәстүрлерді көрсететін 10 көрме киіз үйі орнатылады», – деді «Smart Ertis» ЖШС басшысы Нұрлан Рақымжанов. – «Сондай-ақ бірқатар мәдени, білім беру және интерактивті іс-шаралар, соның ішінде арнайы көрмелер, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «НаурызИИада-2026» конкурсы, «Nauryz Smart City» жобаларының демонстрациясы, этно-fashion көрсетілімдері мен ұлттық дәстүрлер бойынша мастер-кластар өткізу жоспарланған.

Pavlodar Hub алаңында Nauryz Battle, стартап-идеялар конкурсы, комикс жасауды үйрету және тағы басқа көптеген іс-шаралар өткізу көзделген.

Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қымбат Дощанованың айтуынша, мәдени, тәрбиелік, спорттық және әлеуметтік шаралардың мазмұны Наурызнаманың әр күнінің мән-мағынасына сай болады. Наурыз мейрамының құрметіне облыс бойынша 160-тан астам киіз үй тігіледі. Павлодарда басты іс-шаралар 22 наурызда қаланың орталық алаңында өтеді. Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін 35 киіз үйден тұратын 7 киіз үй ауылы, сондай-ақ түрлі интерактивті алаңдар жұмыс істейді. Мерекелік концерт аясында «Turan» этно-фольклорлық ансамблі, орындаушы Yenlik және әнші Қайрат Нұртастың өнер көрсетуі күтілуде.

Фото: Gemini.com