Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 2026 жылы ЭКМЖ аясында Павлодар облысындағы инфрақұрылымды жөндеуге 23,7 миллиард теңге бағытталады

2026 жылы ЭКМЖ аясында Павлодар облысындағы инфрақұрылымды жөндеуге 23,7 миллиард теңге бағытталады

Jun 25, 2026 | Жаңалықтар

Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны (ЭКМЖ) іске асыру 2029 жылға дейін есептелген.

Өңірде ұлттық жоба аясында желілерді жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатқаны туралы @pavlodar.rsk алаңында Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Нұрлан Нұрмұратов айтып берді. Биыл Павлодар облысында бұл жобаға бірден бес монополист кәсіпорын қатысуда. Жаңғырту жұмыстарына 23,7 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталады.

– Мысалы, «ПРЭК» компаниясы бойынша 3 миллиард теңгеге 9 жоба іске асырылады, – деп мәлімдеді спикер. – Жылу желілеріне келетін болсақ, бүгінде 9,8 миллиард теңге қаржыландыруы бар ТМ-20А магистралінің құрылысы аяқталды. Жобалау-сметалық құжаттамасы әлі дайын емес тағы 6 жоба келесі жылы іске асырылатын болады.

Нұрлан Нұрмұратов атап өткендей, инфрақұрылымды жаңғыртуға байланысты қаржылық жүктеме тарифке қосылмайды. Ұлттық жоба аясында тартылған және тартылатын қаражатты қайтару жергілікті атқарушы органдар есебінен жүзеге асырылады.