Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 1 сәуірден бастап Қазақстанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттар міндетті түрде толтырылады

1 сәуірден бастап Қазақстанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттар міндетті түрде толтырылады

May 11, 2023 | Жаңалықтар

Кәсіпкерлер акцизделетін өнімдерді, тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштарды тасымалдау кезінде, сондай-ақ экспорттау және импорттау кезінде ілеспе құжатты ресімдеуге міндетті.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі ГАЛИНА БИРЮКОВА тауарларға ілеспе шот-фактуралармен жұмыс істеудің қыр-сырына тоқталды. Екі жыл бойы СНТ пилоттық режимде қабылданды, сондықтан олардың дұрыс тіркелмегені жазаланбады. Алайда 1 сәуірден бастап Қазақстанда ілеспе құжаттарды толтырмау және қате жібергені үшін 3-тен 50 АЕК-ке дейін жауапкершілік қарастырылған.

– СНТ электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шығарылады, – деді спикер. – Интернет желісіне қолжетімділік болмаған немесе ақпараттық жүйеде ақаулар болған жағдайда ілеспе шот-фактураларды қағаз жеткізгіште беруге рұқсат етіледі. Акцизделетін өнімдерді, тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштарды жылжыту кезінде, сондай-ақ экспорттау және импорттау кезінде СНТ-ны міндетті түрде тіркеу қажет. Оның үстіне экспорттау және импорттау кезінде шекарадан өтпес бұрын КНТ рәсімдеу қажет.

Бір айдан сәл астам уақыттан кейін Павлодар облысында ілеспе құжаттарын толтырмаған 14 кәсіпкер жауапқа тартылды. Олардың барлығы СНТ-сыз түрлі жүктерді мемлекеттік шекарадан өткізбек болған.