
Мониторинг жүргізуге «Қазақстан Ғарыш Сапары» геопорталының деректері мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараты көмектеседі.
2025 жылы барлығы 248 рұқсатсыз қоқыс тастау орны анықталды. Оның 244-і жойылды, ал төрт нысан бойынша ақпарат расталған жоқ. Бұл туралы @pavlodar.rsk алаңында Экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбеков хабарлады.
— Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жеке жауапкершілікті күшейту мақсатында 2025 жылы 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді спикер. — Сонымен қатар, біз халықтың экологиялық мәдениеті мен санасын арттыруға назар аударамыз. Осы бағытта қалдықтармен жұмыс істеуде жауапкершілікті көзқарас қалыптастыруға бағытталған түсіндіру және ағартушылық іс-шаралар өткізілуде.
Экология департаменті басшысының айтуынша, қоршаған ортаны қорғау ісіне жастар мен волонтерлік ұйымдар белсенді түрде тартылып отыр. Қоғам өкілдерімен бұл жұмыс «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту бастамасы аясында жүргізілуде.
#тазақазақстан










