Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Жыл басынан бері Павлодар облысында 118 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды

Жыл басынан бері Павлодар облысында 118 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды

Nov 19, 2026 | Жаңалықтар


Қалдықтарды заңсыз жинау фактілері «Қазақстан Ғарыш Сапары» геопорталының ғарыштық мониторингі арқылы анықталуда.

Өңірдің өзекті экологиялық мәселелері туралы @pavlodar.rsk алаңында экология департаменті басшысының орынбасары Әсет Сыздықов айтып берді. Ол жыл басынан бері Павлодар облысында 118 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталғанын атап өтті. Олардың 112-сі жойылды, төрт нысан бойынша қоқыс орнының бар екендігі расталмады, тағы екі нысан жеке аумақтарда орналасқан.

– Жалпы департаментке қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру бөлігінде экологиялық заңнама талаптарын бұзу фактілері бойынша 14 материал келіп түсті, – деді спикер. – Қарау нәтижелері бойынша 13 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінде Павлодар облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастырудың 321 нысаны бар. Бұл ретте экологиялық және санитарлық заңнама талаптарына тек үш нысан — Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы полигондар ғана сәйкес келеді. Өңірлік деңгейде Ертіс, Тереңкөл, Майқайың және Баянауылда заманауи қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Сонымен қатар, табиғатты қорғау іс-шараларында қолданыстағы қалдықтарды орналастыру орындарын кейіннен рекультивациялай отырып, Шарбақты, Железин, Май, Ақтоғай және Успен аудандарында осындай жобаларды іске асыру көзделген. Экологтардың пікірінше, бұл жобаларды іске асыру қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымын біртіндеп жақсартуға, қоршаған ортаның ластану қаупін азайтуға және елді мекендер аумақтарының неғұрлым қауіпсіз жай-күйін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Фото: Meta AI