Бірден екі жоба – суармалы жер учаскесі мен тауарлы-сүт фермасы 2024 жылы ұсынылуы тиіс.
Аудан басшысы Нұрболат Мақашев @pavlodar.rsk алаңында өткен баспасөз мәслихатында Успен ауданының бүгінгі таңда қалай дамып жатқаны туралы айтты. Құны 11,6 млрд теңгені құрайтын алты инвестициялық жобаны жүзеге асырудың арқасында ауылдық жерлерде 40-тан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
– Биыл екі жоба жүзеге асырылуда, – деді аудан әкімі. – Бұл – «Галицкое» ЖШС айналысып жатқан 553 гектар аумақтағы суармалы жер учаскесінің құрылысы және «БИК» шаруа қожалығы негізінде 500 басқа арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысы.
Келесі жылы Успен ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша тағы төрт жобаны аяқтау жоспарлануда. «Галицкое» ЖШС тағы 452 га суаруды енгізіп, 7,5 мың тонналық картоп сақтау қоймасын салуды көздеп отыр. Бірден екі шаруа қожалығы – «БИК» және «Анна» жалпы көлемі 840 гектар жерді суаруды дамытуды жоспарлап отыр.