Павлодар облысында санитарлық тазалық және абаттандыру айлығы аяқталуға жақын. Айдың шарықтау шегі ретінде 29 сәуірде облыстық сенбілік өтеді.
Павлодар облысында «таза сәуірдің» қалай өтіп жатқанын Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, сондай-ақ қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері айтты. Ай басынан бері бір ғана облыс орталығынан 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
– Айлыққа 2,4 мыңнан астам шаруашылық субъектілері, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, тұрғын үй-құрылыс кооперативтері және басқа да жеке ұйымдар тартылады деп жоспарлануда, – дейді энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілі ҚАЙЫРБЕРГЕН ҚЫЗЫРОВ. – Қоқыстарды тасымалдауға ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың 700-ден астам көліктер қарастырылған.
Санитарлық тазалық және абаттандыру айлығы 30 сәуірге дейін жалғасады. Павлодар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары АРМАН ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ айтуынша, облыс орталығының тұрғындары қоқыс шығаратын техника түрінде қолдауға жүгіне алады. Ол үшін WhatsApp-қа +77077365575 нөміріне жазыңыз немесе бөлімнің қабылдау бөлмесіне – +7 (7182) 320001 нөміріне қоңырау шалыңыз.