Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Полицейлер алаяқты «павлодарлықтар үшін басты қауіп» деп атады

Полицейлер алаяқты «павлодарлықтар үшін басты қауіп» деп атады

Jan 21, 2026 | Жаңалықтар


Өткен жылы алаяқтыққа қатысты қылмыстардың саны 30%-ға, ал интернет-алаяқтықтар 50%-ға өсті.

Павлодар облысындағы криминогендік ахуал туралы @pavlodar.rsk алаңында полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов айтып берді. Ол өңір тұрғындарының банктер, полиция, түрлі қауіпсіздік қызметтерінен немесе туыстарының атынан қоңырау шалған алаяқтардың құрығына әлі де түсіп жатқанын атап өтті. Тек өткен жылдың өзінде алаяқтар павлодарлықтардан шамамен 4,5 млрд теңгені жымқырған.

– Бүгінде қылмыскерге көшеге шығудың қажеті жоқ – оған телефон, интернет және психологиялық қысым көрсету жеткілікті, – деді спикер. – Сондықтан біз талдау жұмысын, банктермен өзара іс-қимылды және БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы профилактиканы күшейттік. Алаяқтардан қорғанудың басты жолы – азаматтардың хабардар болуы. Банктің немесе полицияның ешбір қызметкері кодтарды беруді немесе қандай да бір аударымдар жасауды талап етпейтінін тағы бір мәрте еске салған артық болмайды.

Болат Нұрсейітов интернет-алаяқтықпен күрес аясында өткен жылы заңнамаға «дроперлер» деп аталатындардың жауапкершілігіне қатысты түзетулер енгізілгенін еске салды. Бұдан бөлек, Павлодар облысында киберполиция қызметкерлерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды.