Көгалдандыру акциясы Рухани келісім күніне арналмақ.
Қазақстанда Рухани келісім күні 1992 жылдан бері 18 қазанда тойланып келеді. Павлодар облысында бүгінде 13 түрлі конфессияны қамтитын 167 діни бірлестік бар.
– Өңірімізде өтетін көптеген айтулы шараларға дін өкілдері қатысып жүр, – дейді Дін істері басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов. – Діни бірлестіктер жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі – қайырымдылық. Үнемі дерлік халықты жарнамасыз қолдайды.
Рухани келісім күнінде павлодарлық дін қызметкерлері бірлесе отырып, католик шіркеуінің аумағын абаттандыруға келісті. 18 қазан күні таңертең дін өкілдері қарағай көшеттерін отырғызады.