Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарлық священниктар мен имамдар католик шіркеуінің жанына ағаш көшеттерін отырғызады

Павлодарлық священниктар мен имамдар католик шіркеуінің жанына ағаш көшеттерін отырғызады

Oct 17, 2024 | Жаңалықтар


Көгалдандыру акциясы Рухани келісім күніне арналмақ.

Қазақстанда Рухани келісім күні 1992 жылдан бері 18 қазанда тойланып келеді. Павлодар облысында бүгінде 13 түрлі конфессияны қамтитын 167 діни бірлестік бар.

– Өңірімізде өтетін көптеген айтулы шараларға дін өкілдері қатысып жүр, – дейді Дін істері басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов. – Діни бірлестіктер жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі – қайырымдылық. Үнемі дерлік халықты жарнамасыз қолдайды.

Рухани келісім күнінде павлодарлық дін қызметкерлері бірлесе отырып, католик шіркеуінің аумағын абаттандыруға келісті. 18 қазан күні таңертең дін өкілдері қарағай көшеттерін отырғызады.