Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында жылыту маусымы 21 сәуірде аяқталады

Павлодар облысында жылыту маусымы 21 сәуірде аяқталады

Apr 17, 2025 | Жаңалықтар


Бүгінгі таңда Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы көпқабатты үйлерге орталық жылу беру тоқтатылған. Қазіргі кезде тек аудан орталықтарында жылыту маусымын аяқтау жұмыстары жалғасуда.

Қалаларда температуралық және гидравликалық сынақтар жүргізілуде. Температуралық сынақтардың қорытындысы бойынша Павлодарда жылу желілерінде 32 ақау, ал Екібастұзда төрт ақау анықталды. Жөндеу бригадалары бұл ақауларды жоюмен айналысып жатыр. Ал Ақсуда температуралық сынақтар 17 сәуірге дейін жалғасады.

– Гидравликалық сынақтар мен қажетті жөндеу жұмыстары кезінде құбырлардағы апаттардың алдын алу үшін ыстық су уақытша ажыратылады, – деді @pavlodar.rsk алаңында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзаипов. – Біз мұның қолайсыз екенін түсінеміз, бірақ бұл шаралар болашақта ірі мәселелердің алдын алу үшін қажет.

Барлық сынақтардан кейін ақау анықталмаған үйлерде ыстық су бірден қайта қосылады. Ал ақау анықталған жағдайда, желілердің қалыпты жұмысқа дайындалуын күту қажет болады. Бұл – қыста барлық көпқабатты үйлердің тұрғындарына сапалы әрі үздіксіз жылу беру үшін жасалып жатқан шаралар. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы үйлерді қайта қосу кестесі барлық сынақтардан кейін акиматтардың ресми парақшаларында жарияланады.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Павлодар облысындағы энергия көздерінде негізгі жабдықтың 46 бірлігін жөндеу жоспарланып отыр. Электрмен жабдықтау желілерінде 2,1 мың километрден астам желіні және 712 бірлік жабдықты жөндеу көзделген.