Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарлықтар тұтынушылар құқығын қорғауда

Павлодарлықтар тұтынушылар құқығын қорғауда

Sep 25, 2024 | Жаңалықтар


Павлодар облысы тұрғындарының тұтынушылық мәдениеті артып келеді. Бұған сарапшылардың @pavlodar.rsk алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеген деректері дәлел.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері жыл басынан бері 136 тексеру жүргізген. Оның 125-і жоспардан тыс және облыс тұрғындарының өтінішінен кейін қозғалған. Өткен жылы дәл осы кезеңде мұндай тексерулер екі есеге көп болған.

– Бұны тұтыну мәдениетінің өсіп келе жатқанымен түсіндіреміз және бұл өсу белгілі бір уақытқа дейін жалғасады деп сенеміз, – дейді бөлім басшысы Дәулен Қабдушев. – Адамдар көбінесе өз құқықтарын дұрыс қорғауды біледі, ал кәсіпкерлер өз кезегінде оларды сақтауға тырысады.

Ресми деректерге сүйенсек, тұтынушы құқығы бөлшек саудада, электронды коммерцияда және жеке қызмет көрсету саласында көбірек бұзылады. Жоспардан тыс тексерулер қорытындысы бойынша облыс бойынша 1,3 миллион теңгеден астам сомаға ескерту түріндегі 102 әкімшілік жаза және 13 әкімшілік айыппұл салынды. Құзырлы органдардан нұсқау алған шаруашылық субъектілері оларды толығымен орындады.