Бүгінгі таңда Павлодар облысындағы 180 мың декларанттың 143 мыңнан астамы мемлекеттік кірістер органдарына барды.
Қазақстанда мүлік пен кірістерді жаппай декларацияциялау 2021 жылы басталды. Бірінші кезеңде мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жолдастары тапсырса, екінші кезеңде мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектордың жұмыскерлері мен олардың жолдастары қосылды. Ал 2024 жылдан бастап декларацияны заңды тұлғалардың жетекшілері және құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жолдастары тапсыруға міндетті.
– Декларацияны cabinet.salyk.kz салық төлеушінің жеке кабинеті, eGov.kz Электронды Үкімет порталы, Salyq Azamat, eGov mobileи и Kaspi.kz, Halyk, ВCC.kz мобильді қосымшалары арқылы электронды форматта тапсыруға болады, – дейді мемлекеттік кірістер департаменті жетекшісінің орынбасары Руслан Рахымберді. – Құжат тұрғылықты жері бойынша ұсынылады. Дегенмен күні демалысқа сәйкес келді, сондықтан тапсыру мерзімі 16 қыркүйекке ауыстырылды.
Салық төлеуші декларацияны ұсынбаса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Азамат тапсыру мерзімін бұзса немесе тапсырмаса, оған ескерту жасалады. Ал жағдай қайталанса, жыл ішінде 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Толық емес немесе жалған ақпарат ұсынылса, ескерту шығарылады. Жағдай бір жыл ішінде қайталанса, 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады.