Тәртіп сақшыларының өздері мұны отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңнаманың қатайтылуымен байланыстырады.
2024 жылы Павлодар облысында әйелдерге қатысты тұрмыстық 62 қылмыс тіркелді. Полицияның айтуынша, 33 жағдайда жәбірленушілер бұрын агрессорларға қарсы мәлімдеме жасаудан бас тартқан.
– Павлодар қаласында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тетігі әзірленіп, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде сынақтан өтті, – деді @pavlodar.rsk алаңында жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Азамат Күркебаев. – Осы мақсатта учаскелік полиция инспекторлары мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау топтары инспекторларының жұмысына арнайы іс-әрекет алгоритмі мен тәуекелді бағалау парағы енгізілді.
Ол белгілі бір отбасындағы моральдық ахуалды анықтауға көмектесетін 16 мақсатты сұрақтан тұрады.
Тәуекелдерді бағалау парағын пайдалана отырып, Павлодарда қазірдің өзінде 4,5 мыңнан астам жәбірленушімен әңгімелесу жүргізілді және зорлық-зомбылық қаупі жоғары 87 жәбірленуші анықталды, оларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде 56 отбасы тәртіп сақшыларының есебінде қалды.