
«Даму» қорының қаржылық құралдарының арқасында шағын және орта бизнес өкілдері құрал-жабдықтарын жаңартып, өндіріс өнімділігін арттыруда.
Павлодар іргесінде Мичурин құрама жем және ферменттелген биошикізат зауытының жұмыс істеп тұрғанына бірнеше жыл болды. Дегенмен, кәсіпорын толық қуатына тек осы жылы кірісті. Қазіргі уақытта мұнда қосалқы шаруашылықтар мен шағын фермерлік қожалықтарға бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр. Кәсіпкерлікті қолдаудың «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несие алғаннан кейін, зауытта жаңа құрал-жабдық орнатып, өнімділікті 10 есеге арттыру жоспарлануда. Содан соң кәсіпорын ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне құрама жем жеткізе алады.
Бір жыл бұрын «Формат Мастер» ЖК де мемлекеттік қолдауды пайдаланды. Ағаш тілігімен көптен бері айналысатын сервистік компания арнайы автоматты станок сатып алды. Ол жоғары дәлдікпен аралауды қамтамасыз етіп, көрсетілетін қызметтер көлемін 40%-ға арттыруға мүмкіндік берді.










