Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 санат жоқ 9 Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері сталкингтің сегіз жағдайын тіркеді

Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері сталкингтің сегіз жағдайын тіркеді

Aug 4, 2026 | санат жоқ


Сталкингтің екі дерегі бойынша сот құқық бұзушыларға қоғамдық жұмыстар жүктеді.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы жағдай туралы @pavlodar.rsk алаңында Павлодар облысы полиция департаменті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы Индира Жүсіпова айтып берді. Ол осыдан бір жыл бұрын сталкинг ұғымы Қылмыстық кодекске енгізілгенін еске салды. Сталкинг үйдің немесе жұмыстың жанында аңду, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде мазаны алатын қоңыраулар немесе хабарламалар түрінде көрініс табуы мүмкін.

– Біз әйелдерді де, ерлерді де сталкингтің барлық деректерін міндетті түрде тіркеуге шақырамыз, – деп атап өтті спикер. – Хабарламаларды, қоңыраулар мен скриншоттарды сақтау қажет, өйткені сталкинг жағдайында әңгіме қылмыстық іс туралы болып отыр және дәлелдемелер қажет, – деп түсіндірді Индира Жүсіпова.

Жыл басынан бері өңірде сталкингтің сегіз жағдайы тіркелді. Төрт қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды, екеуі бойынша сот қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза тағайындады. Тағы екі іс өндіріс сатысында.

ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы «Сталкинг» адамның еркіне қарсы заңсыз әрі мазасын алып соңына түсу үшін қылмыстық жауаптылықты қарастырады. Тәртіп бұзушыларға 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық немесе түзеу жұмыстары, не болмаса 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу қаупі төнуі мүмкін. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе сталкинг туралы 102 телефоны, сондай-ақ 111 және 150 сенім телефондары арқылы хабарлауға болады. Бұдан бөлек, облыс орталығының тұрғындары отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөліміне Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 258 мекенжайы бойынша жүгіне алады.

Фото: ChatGPT