Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарлық энергетиктер ЖЭО-дағы негізгі жабдықтың қалай жөнделетінін көрсетті

Павлодарлық энергетиктер ЖЭО-дағы негізгі жабдықтың қалай жөнделетінін көрсетті

May 21, 2025 | Жаңалықтар


«Павлодарэнерго» АҚ-қа қарасты ЖЭО-3-те жаңа жылыту маусымына дайындық наурыз айында басталған.

Бүгінгі таңда жылу электр орталығында №4 қазан агрегатының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, №1 турбоагрегат та жөндеуден өтуде. Жұмыстардың 80%-дан астамы орындалған.

– 1 маусымнан бастап кеңейтілген ағымдағы жөндеу жүргізу үшін №2 қазан агрегаты тоқтатылады, кейін №6 қазан агрегаты жөнделеді, – деді ЖЭО-3 бас инженері Сергей Петров. – Турбиналық жабдыққа келер болсақ, ағымдағы жөндеу науқаны аясында №6 турбоагрегат жөнделеді. Сонымен қатар, №1 түтін мұржасын жөндеу де жоспарланған.

Негізгі жабдықты жөндеу оның сенімділігін арттырып, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Энергетиктердің айтуынша, жөндеу кестесі жасалған кезде станцияның жылу және электр жүктемесін сақтау міндетті түрде ескеріледі. Бұл жабдықты тоқтатпай-ақ электр өндіру көлемін төмендетпей жөндеуге мүмкіндік береді.