Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарлық балабақшалар үшін кезек тетігіне өзгерістер енгізілді

Павлодарлық балабақшалар үшін кезек тетігіне өзгерістер енгізілді

Jul 10, 2024 | Жаңалықтар


Мектепке дейінгі мекемені таңдау және құжаттарды тапсыру үшін әлі де Indigo қызметін пайдалану қажет болады.

Енді кезекке тұру кезінде ата-аналар бір балабақшадан төртке дейінгі балабақшаны көрсетуі керек. Бұл ретте тұрғылықты жеріңіз бойынша мектепке дейінгі мекемені таңдау міндетті емес.

-⁠ ⁠Өзгеріс енгізілгенге дейін баласын балабақшаға қабылдауға өтініш білдірген аналар мен әкелер өтінішті кемінде бір және төрттен көп емес балабақша таңдау арқылы жаңартуы керек, – деп атап өтті білім басқармасының мектепке дейінгі білім және тәрбие бөлімінің меңгерушісі Гүлбаршын Алтыбасарова. – Мұны www.indigo24.kz сайтындағы жеке кабинетте жасау керек.

Павлодарлық балабақшаларға кезекке тұру механизмінде басқа да елеулі өзгерістер бар. Қалалық білім бөлімі жақын арада егжей-тегжейлі нұсқаулар әзірлеп, жариялауға уәде беріп отыр. Әзірге 8 (7182) 320761, 328035, сондай-ақ WhatsApp +77002663164 нөміріне хабарласуға болады.