Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Бейне 9 Павлодарлық металлург мемлекет қолдауының арқасында қалай ауылшаруашылығымен айналыса бастады

Павлодарлық металлург мемлекет қолдауының арқасында қалай ауылшаруашылығымен айналыса бастады

Sep 21, 2023 | Бейне, Жаңалықтар


Ардақ Қабденов қаладан кетіп, өзі жұмыс істеуге бел буды. 2020 жылы тегін грантпен екі бас сиыр сатып алған шаруаның бүгінгі таңда 12 бас ірі қара мен 10 бас жылқы малы бар.

Тоғыз жыл бұрын Павлодар металлургиялық кәсіпорындарының бірінің қызметкері Шарбақты ауданына көшуді ұйғарды. Ардақ Қабденов мал шаруашылығымен айналысты. 2020 жылы грант алып, екі сиыр сатып алды. Ал бүгінде ірі қара мал басы 12 бас.

– Биыл жылдық 2,5 пайызбен жеңілдетілген несиеге қол жеткіздім, – дейді шаруа. – Несие 5 миллион теңгені құрады, оған мен 10 жылқы сатып алдым. Қымыз бен саумал өндіру жоспарда бар. Жаз маусымында Маралды көлінде жылқы сүтінен жасалған бұл сусындар үнемі сұранысқа ие.

Ауыл кәсіпкерлер мен шаруаларды ғана емес, түрлі сала мамандарын да қолдауға дайын. Бүгінде Шарбақты ауданында медицина қызметкерлері, механизаторлар, жүргізушілер  жетіспейді.