Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу мен жаңғыртуға 30 млрд теңгеден астам қаражат бағыттайды

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу мен жаңғыртуға 30 млрд теңгеден астам қаражат бағыттайды

Jun 22, 2026 | Жаңалықтар


Павлодардың ЖЭО-2 және ЖЭО-3 станцияларында бүгінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы арнайы пресс-тур барысында энергетикалық компанияның бас директоры Олег Щемель айтып берді.

Жөндеу науқаны аясында Павлодар ЖЭО-3-те №3 қазандық агрегаты мен №3 турбоагрегатты күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта №5 қазандық агрегатын күрделі жөндеу жалғасуда. Жыл соңына дейін №1 қазандық агрегаты мен №5 турбоагрегатты күрделі жөндеуден өткізу, сондай-ақ №1 түтін мұржасына кеңейтілген ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Павлодар ЖЭО-2-де №5 қазандық агрегатын күрделі жөндеу аяқталып, №2 турбоагрегатты жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ жоспарда №4 қазандық агрегатын жөндеу де бар.

Генерациялаушы қуаттарды ұзақ мерзімді жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда Павлодар ЖЭО-2 терең реконструкциялау сатысында тұр. 2026 жылы №1 турбоагрегатты реконструкциялауға дайындық басталады. Жоба аясында турбинаны ауыстыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және жұмыстардың толық кешенін орындайтын мердігер ұйымды анықтау көзделіп отыр.

Өндірістік процестерді автоматтандыру станцияны дамытудың негізгі бағыттарының біріне айналады. Таяу уақытта 1961 жылы іске қосылған Павлодар ЖЭО-2-де қазандық агрегаттарын автоматтандыруға кірісу жоспарлануда. Қазіргі заманғы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу адам факторының әсерін барынша азайтуға және технологиялық бұзылулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Жабдықтарды жаңғыртумен қатар, станцияларда жұмысшылардың еңбек жағдайлары да жақсартылуда. ЖЭО-2 және ЖЭО-3-те әкімшілік ғимараттардың қасбеттері жөнделіп, кабинеттер, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер мен душ орындары жаңартылды. Павлодар ЖЭО-2-нің турбиналық цехында терезе конструкциялары толығымен ауыстырылды.