Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодардың лифтшілері картельдік қастандық ұйымдастырды

Павлодардың лифтшілері картельдік қастандық ұйымдастырды

Sep 25, 2024 | Жаңалықтар


Алты кәсіпорын лифттерге техникалық қызмет көрсету тарифін көтерді. Сол үшін монополияға қарсы шенеуніктер оларды жауапқа тартты.

Прокурорлардың ақпаратынан кейін лифт компанияларының қызметіне тексеру басталды. Алты түрлі компания өз қызметтерінің бағасын бір уақытта көтерді деген күдік туындады. Бұл ретте облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы Бейбіт Молдабековтің айтуынша, тарифті көтеруге айтарлықтай алғышарттар болмаған.

– Біз соңғы екі жылдағы лифт операторларының қызметін тексеріп, картельдік сөз байласу белгілерін анықтадық, – деп атап өтті @pavlodar.rsk алаңында спикер. – Нәтижесінде алты компанияның әрқайсысы жауапкершілікке тартылып, 142 мың теңге айыппұл салынды.

Монополияға қарсы белсенділер мұнымен тоқтап қалмады. Бүгін олар Екібастұздағы лифтшілердің қызметін тексеруді көздеп отыр.