«Жайлау» базарында ет өнімдерін сататын қосымша орындар пайда болды.
Облыс орталығындағы диқан базары осыдан бір жыл бұрын іске қосылған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін нарық бағасынан 15-20%-ға төмен бағамен жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен жеткізушілер өз алаңында сатады. Базар жұмыс істеген барлық кезеңде мұнда 3 мың тоннадан астам түрлі өнім сатылды.
– Жақында біз базарды қайта қалпына келтірдік, – дейді «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары Бек Уразғұлов. – Ет өткелдерінде қосымша үстелдер орнату жоспарлануда.
«Жайлау» базары сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі күндері базар 7:30-да ашылады.