
Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркейтін жаңа «Мерген»бағдарламалық-аппараттық кешендері іске қосылғаннан кейінгі алғашқы аптада апаттар саны айтарлықтай төмендегенін атап өтті.
Полиция департаментінің өкілдері @pavlodar.rsk алаңында Павлодар облысында жол қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіліп жатқанын айтып берді. Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бақыбай Ахмедияновтың атап өтуінше, өңірде 400-ден астам бейнекешен орнатылып, кезең-кезеңімен іске қосылуда. Облыс орталығында бірден 185 «Мерген» кешені жолдардың желілік учаскелерінде жұмыс істесе, тағы 123-і қиылыстарда орнатылған.
– Жаңа камералар орнатылған аумақтарда апаттар саны бірден азайды, – деді спикер. – Бұл олардың тиімділігін көрсетеді – жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін сақтауға тырысады. Жұмыс істеген уақыт ішінде жаңа бағдарламалық-аппараттық кешендер 74 бұзушылықтытіркеді. Олардың барлығы жылдамдық режимін сақтамауға қатысты.
«Мерген» кешендері Екібастұз бен Ақсу қалаларында да енгізілген – әр қалада 39 бірлік. Олар жылдамдық режимінен басқа, бір уақытта қиылыстардан өтуді, қауіпсіздік белдігін пайдалануды, рульде ұялы телефонмен сөйлесуді, жол белгілерін кесіп өтуді және басқа да бұзушылықтарды тіркейді.










