
Павлодарда, жалпы елдегідей, адам қорлау немесе оның беделін түсіретін мәліметтерді тарату жағдайында Фемида қызметшілеріне жүгіну үрдісі сақталып отыр.
Өткен 9 айдағы жұмыс қорытындысын @pavlodar.rsk алаңында Павлодар қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының өкілдері қорытындылады. Жалпы, Фемида қызметшілері 8,5 мыңға жуық талап арызды қабылдады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 28,3%-ға көп.
– Соңғы жылдары абыройды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы істер саны артып келеді, – деп атап өтті сот төрағасы Ерсын Қожабергенов. – Бұл бірінші кезекте азаматтардың Facebook, Instagram, WhatsApp және тағы басқа әлеуметтік алаңдарды пайдалануымен байланысты.
6 іс бойынша судьялар берілген талап арыздарды қанағаттандырды, тағы 8 іс бойынша талап қоюшыларға мәлімделген талаптардан бас тартылды. Тағы 6 іс қараусыз қалдырылды, ал 6 іс бойынша тараптар медиативтік келісімге келді.










