Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысының барлық мектептері жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді

Павлодар облысының барлық мектептері жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді

Nov 5, 2025 | Жаңалықтар


Халық саны аз елді мекендерде «Starlink» жүйесі көмекке келді.

Өңірде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының қалай іске асырылып жатқаны туралы @pavlodar.rsk алаңында цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ағыбай Әмирин айтып берді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының бірі барлық мектептерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуге қатысты екенін еске салды.

•⁠  ⁠Биыл Павлодар облысының барлық мектептері жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылатын болады. 2024 жылы 33 ауыл мектебіне «Starlink» жүйесі орнатылды. 2025 жылы біз бұл жабдықты тағы 42 оқу орнына орнатамыз, – деп атап өтті спикер. 

Сондай-ақ, цифрлық технологиялар басқармасы республикалық маңызы бар трассалар бойын интернетпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда 11 антенна-діңгек құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Олар бейінді министрліктен қаржыландыру алынғаннан кейін орнатылатын болады.