
Өңір тұрғындарының тек былтырғы жылдағы берешегі 870 млн теңгеден асты.
@pavlodar.rsk алаңында Жеке тұлғалар үшін мүлік салығын төлеу жағдайы туралы мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері айтып берді. Көлік салығын уақытылы төлемегендерге тиісті хабарламалар жіберілді.
- Осыдан кейін де салық төленбесе, салық бұйрығы қалыптастырылып, салық төлеушіге жіберіледі және ол 5 жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс, – деп атап өтті ведомствоның өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Уәлиев. – Әйтпесе, салық бұйрығы өндірістік іс жүргізуді қозғау және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушылар палатасына (ЖСО) жіберіледі.
ЖСО-ға мәжбүрлеп орындату үшін 78 млн теңгеден астам сомаға 916 салық бұйрығы жіберілген. Оның ішінде 31 млн теңгеге жуығы өндірілді.










