Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысының әлеуметтік кәсіпкерлері соңғы екі жылда 44 қайтарымсыз грант алды

Павлодар облысының әлеуметтік кәсіпкерлері соңғы екі жылда 44 қайтарымсыз грант алды

Jun 12, 2026 | Жаңалықтар


2026 жылы өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінде тұрған тағы сегіз бизнесменге қолдау көрсету жоспарлануда.

Әлеуметтік кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттар бере бастау 2024 жылдан басталды. Сол жылы Павлодар облысында 36 жоба қолдау тапты. Өткен жылы мемлекеттен тағы сегіз кәсіпкер көмек алды. Ал 2026 жылы аймақтық бюджетте 40 миллион теңге қарастырылған, бұл қаражат грант түрінде сегіз кәсіпкерге беріледі.

– Грант сомасы бес миллион теңгеге дейінді құрайды, – дейді кәсіпкерлік және сауда басқармасының бас маманы Әлнұра Сыздықова. – Конкурсқа қатысу үшін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінде болу немесе «Бір ауыл — бір өнім» конкурсының финалисі атану қажет. Содан кейін https://kezekte.kz сайтында байқау жарияланған соң құжаттарды тапсыру керек. Биыл бұл конкурсты қазан-қараша айларында өткізу жоспарланып отыр.

Мемлекеттің мұндай қолдауынан қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған әлеуметтік кәсіпкерлер үміткер бола алады. Мысалы, өткен жылы Павлодарда «ADELE» білім беру орталығын кеңейту және «Шаңырақ» түзету орталығын жабдықтау жобалары грант иегері атанды.