Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысының құрылыс саласында айтарлықтай өсім байқалады

Павлодар облысының құрылыс саласында айтарлықтай өсім байқалады

Aug 14, 2025 | Жаңалықтар


Өңірдің құрылыс саласындағы даму қарқыны 17%-ға жетті.

@pavlodar.rsk алаңында Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук айтып берді. Биыл өңірде кредиттік тұрғын үй желісі бойынша 8 үй салынды немесе салынып бітті.

•⁠  ⁠Павлодарда жалпы ауданы 35 мың шаршы метрден асатын 396 пәтерлік 4 үй салынды, – деп хабарлады спикер. – Екібастұзда ауданы 14 мың шаршы метр болатын 180 пәтерлік 3 үй пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта осы тұрғын үйлерді «Отбасы банк» арқылы рәсімдеу және сату процедуралары жүріп жатыр. Ақсу қаласына келетін болсақ, онда 8,6 мың шаршы метрлік 81 пәтерлік үйдің құрылысы жалғасуда.

Бюджет есебінен өңір билігі халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін 721 бірлік жалға берілетін тұрғын үй сатып алуды жоспарлап отыр. Екінші жыл қатарынан жалға берілетін пәтерлер тек қалалық жерлерде ғана емес, сонымен қатар Павлодар облысының ауылдық аймақтарында да сатып алынуда.